Аудио режим

Қосу/өшіру

Радио қабылдағышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (2) басыңыз. Дисплей (1) іске қосылып, радио қабылдағышты соңғы рет өшірген кезде, реттелген аудио көзі ойнатылады.

Дисплей (1) түймені әр басқан сайын бірнеше секундқа жанады.

Радио қабылдағышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (2) қайтадан басыңыз. Аудио көзінің ағымдағы реттеуі жадта сақталады.

Дыбыс деңгейін реттеу

Радио қабылдағышты қосқаннан кейін, әрдайым төмен дыбыс деңгейі орнатылады.

Дыбыс деңгейін көтеру үшін қосу/өшіру түймесін (2) сағат тілінің бағытымен, ал дыбыс деңгейін төмендету үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

<VL> немесе <Volume> дыбыс деңгейінің реттеуі 0 және 30 аралығындағы мәнмен бірге дисплейде бірнеше секундқа пайда болады. Радио қабылдағышты реттеуден немесе алмастырудан бұрын дыбыс деңгейін төмен мәнге, ал сыртқы аудио көзін іске қосудан бұрын орташа мәнге орнатыңыз.

Дыбысты өшіру үшін дыбысты өшіру түймесін (8) басуға болады. Дыбысты қайта қосу үшін дыбысты өшіру түймесін қайтадан қысқаша басыңыз немесе қосу/өшіру түймесін (2) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

Дыбыс деңгейін әркез өзгертуге болады. Егер мәзір функциясы іске қосылған болса, индикатор дыбыс деңгейін өзгерткеннен кейін бірнеше секунд ішінде мәзірге қайтады.

Радио қабылдағыш мына жағдайларда 19 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады:

  • осы уақытта радио қабылдағыштағы дыбыс деңгейі 0 мәніне орнатылғанда,
  • радио қабылдағыштағы дыбыс өшірілгенде немесе
  • ойнататын құрылғыдағы (мысалы, смартфон) дыбыс деңгейі 0 мәніне орнатылғанда.

Аудио көзін таңдау

Аудио көзін таңдау үшін бастапқы көз түймесін (7) дисплейде қажетті ішкі немесе сыртқы аудио көзі көрсетілгенше басыңыз:

  • DAB/DAB2: DAB+ (GPB 18V‑2 SC) арқылы сандық радио,
  • FM/FM2: UKW арқылы аналогтік радио,
  • AUX: жалғағыштар бөліміндегі (15) 3,5 мм ұяшық AUX IN (24) арқылы сыртқы аудио көзі (мысалы, смартфон),
  • : Bluetooth® қосылымы арқылы сыртқы аудио көзі (мысалы, смартфон).

Ағымдағы аудио көзін аудио көзінің индикаторы (b) немесе Bluetooth® индикаторы (a) арқылы анықтауға болады.

DAB және DAB2 (GPB 18V‑2 SC), сондай-ақ FM және FM2 аудио көздерінің функциялары өзгешеленбейді, олар тек қана қосымша бағдарлама сақтау орындарын ұсынады.

DAB+ радио таратқышын реттеу/сақтау  (GPB 18V‑2 SC)

DAB+ радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) DAB немесе DAB2 көрсетілгенше, басыңыз.

Қысқа мерзімді баптандырудан кейін, соңғы реттелген радио таратқышы ойнатылады.

Таратқыштың атауы көп функциялы индикатордың (k) жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.

  • Таратқышты ауыстыру үшін бастапқы көз түймесін (7), қалаулы таратқыш дисплейде көрсетілгенше, бұраңыз. Таңдауды растау үшін бастапқы көз түймесін (7) басыңыз. Радио қабылдаыш таңдалған таратқышқа ауысады.
    Балама ретінде таратқышты ауыстыру үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға іздеу түймесін (9) басуға болады. Радио қабылдағыш келесі қолжетімді таратқышқа ауысады (алфавиттік реттілік бойынша төмен немесе жоғары қарай).
  • Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (5), сақтау орнының индикаторындағы (c) сақтау орнының нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
    Егер 4 сақтау орны аудио көзіне DAB тағайындалған болса, бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы келесі 4 сақтау орнында қолжетімді аудио көзіне DAB2 ауысасыз. Қалаулы таратқышты ауыстырғаннан кейін оны жадқа сақтай алу үшін қайтадан реттеу қажет екендігін ескеріңіз.
  • Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірін қысқаша басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (c) сақтау орнының нөмірі пайда болады. Қажет болса, сақталған барлық таратқыштарды қайта шақыру үшін бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы DAB және DAB2 аудио көздерінің арасында ауысыңыз.

Нұсқау: радио сигнал әлсіз болғанда, <Weak Signal> көрсеткіші көп функциялы индикаторда (k) пайда болады. Бұл жағдайда DAB+ таратқышын іздеу әрекетін қолмен іске қосуға болады.
Ол үшін мәзірде <Auto Scan> таңдаңыз немесе артқа іздеу түймесін (10) және алға іздеу түймесін (9) бір уақытта басыңыз. Таратқышты іздеу процесі аяқталған соң, 4 таратқыш 1–4 бағдарлама сақтау орнында сақталады. Алдында сақталған таратқыштар үстінен жазылады.

Егер ешбір DAB+ радио таратқышы табылмаса, <No DAB Station – Please Auto Scan> көрсеткіші көп функциялы индикаторда (k) көрсетіледі.

UKW радио таратқышын реттеу/жадқа сақтау

UKW радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) FM немесе FM2 көрсетілгенше, басыңыз.

GPB 18V‑2 C: ағымдағы уақытта ойнатылып жатқан таратқыштың жиілігі радио жиілік индикаторында (d) көрсетіледі.

GPB 18V‑2 SC: ағымдағы уақытта ойнатылып жатқан таратқыштың жиілігі көп функциялы индикатордың (k) жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.

Тиісті сигналдың қабылдау күші жеткілікті болғанда, радио қабылдағыш автоматты түрде стерео сигналды қабылдау режиміне ауысып, дисплейде стерео сигналды қабылдау индикаторы (h) пайда болады. Мәзір функциясында қабылдау режимін моно сигналды қабылдау күйіне өзгертуге болады.

  • Белгілі бір таратқышты реттеу үшін бастапқы көз түймесін (7) (TUNE), қалаулы жиілік немесе қалаулы таратқыш дисплейде көрсетілгенше, бұраңыз.
  • Жоғарырақ сигнал қуатына ие келесі таратқышты іздеу үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға іздеу түймесін (9) қысқаша басыңыз. Табылған келесі таратқыш дисплейде көрсетіледі және ойнатылады.
  • Жоғарырақ сигнал қуатына ие барлық таратқыштарды іздеу үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға іздеу түймесін (9) жарты секундтан ұзақ басыңыз. Табылған әр таратқыш 5 секунд ойнатылып, сонан соң іздеу процесі жиіліктер диапазонының соңына дейін жалғасады. Таратқышты іздеу процесін тоқтату үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға іздеу түймесін (9) қысқаша басыңыз.
  • Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (5), сақтау орнының индикаторындағы (c) сақтау орнының нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
    Егер 4 сақтау орны аудио көзіне FM тағайындалған болса, бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы келесі 4 сақтау орнында қолжетімді аудио көзіне FM2 ауысасыз. Қалаулы таратқышты ауыстырғаннан кейін оны жадқа сақтай алу үшін қайтадан реттеу қажет екендігін ескеріңіз.
  • Ең қуатты таратқышты (AUTOSTORE) автоматты түрде іздеу және жадқа сақтау үшін артқа іздеу түймесін (10) және алға іздеу түймесін (9) бір уақытта басыңыз. Радио қабылдағыш сигналын қабылдауға болатын барлық таратқыштарды іздейді және ең жақсы сигнал сапасына ие 4 таратқышты 1–4 бағдарламаны сақтау орнына сақтайды. Бұл ретте алдында сақталған таратқыштар үстінен жазылатынын ескеріңіз.
    Іздеу аяқталса, 1-ші бағдарламаны сақтау орнында сақталған таратқыш ойнатылады.
  • Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірін қысқаша басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (c) сақтау орнының нөмірі пайда болады. Қажет болса, сақталған барлық таратқыштарды қайта шақыру үшін бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы FM және FM2 аудио көздерінің арасында ауысыңыз.

Қадаулы антеннаны туралау

Радио қабылдағыш орнатылған қадаулы антеннамен (6) бірге жеткізіледі. UKW арқылы радио жұмыс режимінде қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына бұраңыз.

Жеткілікті сигнал қабылдау мүмкін болмаса, радио қабылдағышты жақсырақ қабылдау мүмкіндігіне ие жерге қойыңыз.

Нұсқау: радио қабылдағышты радио жабдықтардың, радио құрылғылардың немесе басқа электрондық құрылғылардың ортасында пайдаланған кезде, радио сигналының қабылдануына кедергі жасалуы мүмкін.

AUX арқылы сыртқы аудио көздерін жалғау

Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын ашып, AUX кабелінің (25) 3,5 мм ашасын AUX IN ұяшығына (24) енгізіңіз. AUX кабелін тиісті аудио көзіне жалғаңыз.

AUX аудио көзін ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) AUX пайда болғанша, басыңыз.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын, AUX кабелінің ашасын шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.

Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған таратқышқа ауысады.

Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/басқару

Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7), Bluetooth® индикаторы (a) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз немесе ағымдағы аудио көзіне қарамастан Bluetooth® түймесін (11) қысқаша басыңыз.

Байланыс орнату немесе байланысты іздеу процесінің барысында Bluetooth® индикаторы (a) жыпылықтайды.

GPB 18V‑2 SC: көп функциялы (k) индикаторында <Pairing> хабары көрсетіледі.

  • Егер радио қабылдағыш әлдеқашан сыртқы аудио көзіне Bluetooth® арқылы қосылған және бұл аудио көзі қолжетімді болса, бұл аудио көзімен байланыс автоматты түрде орнатылады.
  • Егер жадта сақталған аудио көзі қолжетімсіз болса, іздеу процесі басталады. Сыртқы аудио көзі арқылы жаңа байланысты іске қосыңыз. Бұл әрекетті смартфондарда көбінесе Bluetooth® мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады. Радио қолжетімді бастапқы көз ретінде GPB 18V‑2 C xxxx немесе GPB 18V‑2 SC xxxx атауларының астында көрсетіледі. Бұл ретте аудио көзінің/смартфонның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
  • Егер Bluetooth® арқылы аудио көзімен бұрыннан бар байланыс аяқталса және жаңа аудио көзі ізделсе (PAIRING), Bluetooth® түймесін (11) 0,5 секундтан ұзақ басыңыз. Байланысты жоғарыда сипатталғандай іске қосыңыз.

Bluetooth® арқылы аудио көзі қосылғаннан кейін, Bluetooth® индикаторы (a) үздіксіз жанып тұрады.

GPB 18V‑2 SC: Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының атауы көп функциялы индикатордың (k) жоғарғы жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылған құрылғыдан таратылатын мәтін көрсетіледі.

Bluetooth® арқылы байланыс орнату мүмкін болмаса, радио қабылдағыш 19 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.

Bluetooth® арқылы қосылған аудио көзін радио қабылдағыш арқылы да басқаруға болады:

  • Жолақты таңдау және іске қосу үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (10), қалаулы жолаққа қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз. Таңдалған жолақтың ойнатылуы автоматты түрде іске қосылады.
  • Ойнатуды тоқтату үшін дыбысты өшіру түймесін (8) басыңыз. Дисплейде кідіріс индикаторы (f) пайда болады.
  • Ойнатуды жалғастыру үшін дыбысты өшіру түймесін (8) қайтадан басыңыз, дыбыс деңгейін қосу/өшіру түймесі (2) арқылы өзгертіңіз немесе алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (10) басыңыз.
  • Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (10), жолақтағы қажетті жерге жеткенше, басып тұрыңыз.

Егер Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған таратқышқа ауысады.

Dual Speaker Sound арқылы ойнату (аудио көзі Bluetooth® болғанда)

Егер аудио көзі Bluetooth® арқылы ойнатылып тұрса, Dual Speaker Sound (DSS) функциясын іске қосуға болады. Бұл ретте 2 радио қабылдағыш (GPB 18V‑2 C немесе GPB 18V‑2 SC) бір ойнату әрекеті үшін оң мен сол жақ динамиктер ретінде қолданылады.

Dual Speaker Sound функциясын іске қосыңыз:

  • Екі радио қабылдағыштың бірі әлдеқашан Bluetooth® арқылы аудио көзіне қосылып тұруы тиіс.
  • Радио қабылдағышты оң жақ динамик ретінде таңдау: мәзір ішінде таңдаңыз: <DSS> → <DSSR> (GPB 18V‑2 C) немесе <Set DSS> → <Right Speaker> (GPB 18V‑2 SC).
  • Радио қабылдағышты сол жақ динамик ретінде таңдау: мәзір ішінде таңдаңыз: <DSS> → <DSSL> (GPB 18V‑2 C) немесе <Set DSS> → <Left Speaker> (GPB 18V‑2 SC).
  • 2-ші радио қабылдағышта Bluetooth® жұмыс режимін таңдаңыз.
  • 2-ші радио қабылдағыштың мәзірінде басқа динамикті таңдаңыз.
  • Ойнату процесін Bluetooth® арқылы қалауыңызша басқарыңыз.

Мәзір реттеулерін өзгерту

Мәзір функциясына кіру үшін дыбысты өшіру түймесін (8) (MENU), мәзір функциясының индикаторы (e) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз.

Мәзірді шарлау:

  • Мәзір арқылы айналдырып өту: бастапқы көз түймесін (7) бұраңыз.
  • Мәзір реттеуін таңдау және сақтау: бастапқы көз түймесін (7) (OK) басыңыз.
  • Ішкі мәзірге ауысу: бастапқы көз түймесін (7) басыңыз.
  • Ішкі мәзірден жоғарғы мәзірге қайту: дыбысты өшіру түймесін (8) басыңыз. Егер ең жоғарғы мәзір деңгейіне жетсеңіз, радио қабылдағыш аудио жұмыс режиміне қайтып оралады.

Кез келген деңгейдегі мәзір функциясынан шығу және аудио жұмыс режиміне қайтып оралу үшін дыбысты өшіру түймесін (8), дисплейде мәзір функциясының индикаторы (e) сөнгенше, басыңыз. Балама ретінде радио қабылдағыш түймені соңғы рет басқаннан кейін 10 секунд ішінде автоматты түрде аудио жұмыс режиміне қайтып оралады.

Егер мәзір реттеулері радио қабылдағышты өшіру кезінде ары қарай жадқа сақталмай қалса, түймелі батареяны (буферлік батареяны) алмастырыңыз.

Мәзір опциялары (GPB 18V‑2 C)

Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.

<EQ>
Дыбыс мәзірі: биіктік деңгейін <TR> және тереңдік деңгейін <BA> −5 және +5 аралығындағы диапазонда реттеуге болады. Дыбыс реттеулері әр аудио көзі үшін бөлек сақталады.

<TIME>
Уақыт мәзірі: 12 сағаттық <12HR> және 24 сағаттық <24HR> уақыт пішімдерінің арасында таңдауға және уақытты қолмен реттеуге болады.

<MONO> (аудио көзі FM/FM2 болғанда)
Моно сигналды қабылдау мәзірі: моно сигналды қабылдауды қосуға <ON> немесе өшіруге <OFF> болады. Моно сигналды қабылдау, радио таратқыш сигналы әлсіз болғанда стерео және моно сигналды қабылдау режимдерінің арасында ауысқан жағдайда, ұсынылады.

<DSS> (аудио көзі Bluetooth® болғанда)
Dual Speaker Sound мәзірі: радио қабылдағышты оң жақ динамик <DSSR> ретінде, сол жақ динамик <DSSL> ретінде белгілеуге немесе функцияны өшіруге <OFF> болады.

Мәзір опциялары (GPB 18V‑2 SC)

Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.

Мәзір ішінде мәзірдің атауы көп функциялы индикатордың (k) жоғарғы жолағында, ал таңдауға болатын реттеу – астыңғы жолағында көрсетіледі.

<Set EQ>
Дыбыс мәзірі: биіктік деңгейін <Treble> және тереңдік деңгейін <Bass> −5 және +5 аралығындағы диапазонда реттеуге болады. Дыбыс реттеулері әр аудио көзі үшін бөлек сақталады.

<Set Time>
Уақыт мәзірі:

  • 24 сағаттық <24 Hour Mode> және 12 сағаттық <12 Hour Mode> уақыт пішімдерінің арасында таңдауға болады.
  • Уақытты <Set Hour> немесе <Set Minute> арқылы қолмен реттеуге болады.
  • Нұсқау: егер DAB/DAB2 аудио көзінде уақытты тарататын радио қабылдағыш таңдалған болса, осы уақыт автоматты түрде қабылданады. Қолмен реттелетін уақыт параметрлері қайта жазылады.

<Reset All>
Бастапқы күйге қайтару мәзірі: барлық мәзір реттеулерін әдепкі күйге қайтаруға <Yes> немесе ағымдағы реттеулерге қайтаруға <No> болады.

<Auto Scan> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Таратқышты автоматты түрде іздеу мәзірі: таратқышты автоматты түрде іздеу процесін іске қосуға болады.

<Manual Tune> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Қолмен реттеу мәзірі: қажетті жиілікті қолмен реттеуге болады.

<Display Type> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Индикация түрі мәзірі: көп функциялы индикатордың (k) астыңғы жолағында көрсетілетін мәтінді таңдауға болады:

  • радио таратқыштан таратылатын ақпараттық мәтін <Dynamic Label>,
  • таратқыштың жиілігі <Frequency>,
  • сигнал қуаты <Signal Strength>,
  • радио таратқыштан таратылатын бағдарлама түрі <Program Type>.

<Display Type> (FM/FM2 аудио көзінде)
Индикация түрі мәзірі: көп функциялы индикатордың (k) астыңғы жолағында көрсетілетін мәтінді таңдауға болады:

  • радио таратқыштан таратылатын ақпараттық мәтін <Radio Text>,
  • таратқыш атауы <Program Service>,
  • радио таратқыштан таратылатын бағдарлама түрі <Program Type>.

<Set FM Mono> (FM/FM2 аудио көзінде)
Моно сигналды қабылдау мәзірі: моно сигналды қабылдауды қосуға <On> немесе өшіруге <Off> болады. Моно сигналды қабылдау, радио таратқыш сигналы әлсіз болғанда стерео және моно сигналды қабылдау режимдерінің арасында ауысқан жағдайда, ұсынылады.

<Set DSS> (аудио көзі Bluetooth® болғанда)
Dual Speaker Sound мәзірі: радио қабылдағышты оң жақ динамик <Right Speaker> ретінде, сол жақ динамик <Left Speaker> ретінде белгілеуге немесе функцияны өшіруге <OFF> болады.