Дайындама таянышын дайындау
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.
Дайындама таянышының биіктігін реттеу (I суретін қараңыз)
- Дайындаманы электр құралының аралау үстеліне қойыңыз.
- Бекіткіш тетікті (10) босатып, дайындама таянышының (12)биіктігін, дайындама тігінен жататындай реттеп шығыңыз.
- Осы бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.
Жұмыс үстелін ұзарту (J суретін қараңыз)
Жұмыс үстелін екі жақтан да ұзартуға болады.
- Ұзын дайындаманы электр құралының аралау үстеліне қойыңыз.
- Қажеттілікке қарай жарамды бекіткіш тетікті (4) босатып, үстел ұзартқышын (5) қажетті қашықтыққа дейін сыртқа тартыңыз.
- Осы бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау (K суретін қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (11) пайдалануға болады.
- Ұзындық шектегішін жоғары қарай тірелгенше тартыңыз да, дайындама таянышын электр құралының ара дискісіне дейін қажетті арақашықтықта орналастырыңыз.

