Сыртқы құрылғыларды электр қуатымен жабдықтау

USB жалғағышы

USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы, әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады. Максималды зарядтау тогы 1,2 А құрайды.

Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын ашыңыз. Сыртқы құрылғының USB жалғағышын жарамды USB кабелі арқылы радио қабылдағыштың USB зарядтау ұяшығына (23) жалғаңыз (USB charging).

Аккумулятормен жұмыс істеген кезде сыртқы құрылғыны радио қабылдағыш қосылып тұрғанда ғана зарядтауға болады.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын, USB кабелінің ашасын шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.