Штепсельдік қуат блогымен пайдалану (A суретін қараңыз)

  • Тек техникалық мәліметтерде келтірілген штепсельдік қуат блоктарын пайдаланыңыз. Тек осылайша радио қабылдағыштың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.
  • Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын ашыңыз. Штепсельдік қуат блогының құрылғы ашасын (21) жалғағыш ұяшыққа (22) (DC IN 18V) салыңыз. Штепсельдік қуат блогын ток желісіне жалғаңыз.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын, құрылғы ашасын (21) шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.