Пайдалану бойынша нұсқаулар

  • Электр құралына Bluetooth® Low Energy Module модулі орнатылған болса, ол радио интерфейспен жабдықталған болады. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
  • Bluetooth® радиотехнологиясы пайдаланылмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy Module модулін қолданба арқылы өшіру қажет.

Жарық диодты жұмыс шамы

Жарық диодты жұмыс шамы (13) тікелей жұмыс аймағындағы көрерлікті жақсартады. Ол, ажыратқышты (12) басқан кезде, автоматты түрде қосылады.

Ілгіш аспап

Ілгіш сақинаның (3) көмегімен электр құралын ілгіш аспапқа (мысалы, өндірістік желіге) бекітуге болады.

  • Ол үшін ілгіш сақинаны (3) жоғары қайырыңыз.
  • Ілгіш сақинаның және ілгіш аспап ілгегінің күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Белдік қысқышы

Белдік қысқышының (7) көмегімен электр құралын белдігіңізге қолайлы түрде бекітуге болады.