Жұмыс бойынша нұсқаулар

Кескіш дискілерді соқтығысудан, соққыдан және майдан қорғаңыз. Кескіш дискілерге бүйірлік қысым түсірмеңіз.

  • Кесік тереңдігін реттеңіз қараңыз Кесік тереңдігін алдын ала таңдауТөсемді сындырған кезде пайда болатын дәлсіздіктерді теңестіру үшін, кесік тереңдігін қажеттік ойық тереңдігінен шамамен 5 мм терең реттеуге кеңес беріледі.
  • Электр құралын айналма дөңгелектерімен (9) өңделетін бетке қойыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Алмас кескіш дискілер материал ішіне тірек тақтасының шеңберінен тыс кіруі үшін, алдыңғы тұтқаны дайындамаға қарай итеріңіз. Бұл ретте басында азырақ қарсылықтан өту керек.
  • Электр құралын екі тұтқасымен де және өңделетін материалға жарамды біркелкі беріліспен жүргізіңіз.
  • Электр құралын әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе құралдың кесілетін жерден бақылаусыз шығу қаупі туындайды. Электр құралын тірек тақтасында көрсетілген жұмыс бағытымен жүргізіңіз.
  • Жұмыс процесін аяқтағаннан кейін электр құралын қозғалтқыштың қосылған күйінде ойықтан шығарып алыңыз.
  • Электр құралын өшіріңіз.
  • Электр құралы еденге немесе үстелге қалыпты түрде тігінен қойылған жағдайда, қайтарғыш серіппе мен бастапқы қарсылық алмас кескіш дискілердің шығып кетуіне жол бермейді. Электр құралы бастапқы күйде болса, яғни қапсырма (31) ілмекке (32) бекітілген болса, электр құралы кенет іске қосылған жағдайда, оның (айналып тұрған алмас кескіш дискілер мен жанасу бетінің арасындағы үйкеліске байланысты) жылжып кету немесе астыңғы бетке зақым келтіру қаупі азғантай ғана болады. Алайда электр құралы күш қолдану (мысалы, қатты соққы) нәтижесінде бастапқы күйде болмаса, алмас кескіш дискілер астыңғы бетке қысқа уақытқа соғылып, сол жерде тоқтап қалуы мүмкін.

Айналып тұрған алмас кескіш дискілерді бүйірлік қысым қолдану арқылы тоқтатпаңыз.

Материалда қалған төсемді сындыру аспабының (34) көмегімен алып тастаңыз.

Қиғаш кесіктер жасау мүмкін емес, себебі алмас кескіш дискілер дайындамада тығылып қалуы мүмкін.

Тақта дайындамаларын кескен кезде, олар берік бетке қойылуы немесе тіреліп тұруы керек.

Қабырғада ойықтар тескен кезде (мысалы, перфоратормен) ойық кескіштің көмегімен максималды кесік тереңдігінде алдын ала ойық жасау арқылы үстіңгі беттегі материал жарылуының айтарлықтай дәрежеде алдын алуға болады.

Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас кескіш диск қатты қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.

Бұл жағдайда жұмысты тоқтатып, алмас кескіш дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт салқындатыңыз.

Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.

Статика туралы нұсқаулар

Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.