Кесік тереңдігін алдын ала таңдау

Тереңдік шектегішін реттеу дөңгелегі (11) арқылы қажетті кесік тереңдігін алдын ала таңдауға болады.

Алмас кескіш дискілердің қажетті кесік тереңдігін тереңдік шектегішін реттеу дөңгелегін (11) бұрау арқылы реттеңіз, бұл ретте тірек тақтасының (8) көрсеткі белгісі (19) қажетті кесік тереңдігінің (12) мәніне қарап тұруы керек. Тереңдік шектегішін реттеу дөңгелегі (11) тірелгеніне көз жеткізіңіз. Тірелмеген дөңгелек күйінде пайдаланған кезде, шынайы кесік тереңдігі жұмыс кезінде қажетті мәннен үлкен немесе кіші болып өзгеруі мүмкін. Алмас кескіш дискілердің тозуына байланысты шынайы кесік тереңдігі кесік тереңдігінің орнатылған мәнінен (12) кем болуы мүмкін. Пайдалану алдында алмас кескіш дискілердің шынайы кіру тереңдігін өлшеңіз. Кесік тереңдігін 10 мм, 15 мм, 20 мм, 25 мм, 30 мм, 35 мм, 40 мм немесе MAX мәніне орнатуға болады. MAX реттеуі алмас кескіш дискілердің әр тозу деңгейі үшін қол жеткізуге болатын максималды кесік тереңдігін қамтамасыз етеді.