Ажарлау құралдарын монтаждау және бөлшектеу

X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары үшін монтаждау бойынша арнайы нұсқауларды орындаңыз.

  • Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
  • Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
  • Тек X-LOCK логотипі бар түпнұсқа X-LOCK алмалы-салмалы аспаптарын пайдаланыңыз. Тек түпнұсқа X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары қолданылғанда ең көбі 1,6 мм қысу қалыңдығының сақталатынына кепіл беріледі. Үлкенірек қысу қалыңдығы қауіпті қысылуға апарып, қысқыш құралдың босап қалуына әкелуі мүмкін.
  • X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары ешқандай қосымша қысқыш және тіреуіш фланецтерді қажет етпейді.
  • Алмалы-салмалы аспап және қысқыш дофермацияланбағанын, ласталмаған және бөлшектермен қапталмағанын көз жеткізіңіз.

Ажарлау құралдарының өлшемдерін ескеріңіз.

X-LOCK алмалы-салмалы аспабын монтаждаудан бұрын әр X-LOCK бекіткіш ысырмасының ашық екендігіне көз жеткізіңіз (төмендегі суретті қараңыз).

Қажет болса, екі X-LOCK бекіткіш ысырмасының арасындағы аймақты тазалап шығыңыз.

Ажарлау құралын монтаждау

Ажарлау шеңберін / кескіш дискіні / желпуіш тәрізді ажарлау шеңберін ортаға келтіріп және тіреуіш бетпен параллель етіп және дұрыс жағын жоғары қарай X-LOCK бекіткішіне қойып орнатыңыз.

Шеңберді бекіткішке қарай итеріңіз.

Шеңбер шерту дыбысымен бекітіледі. Бұл ретте иінтіректі (3) баспаңыз.

  • Монтаждағаннан кейін ажарлау құралының жиегі (➍) негізгі жазықтықтан (➎) жоғары емес және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Жиек жоғарырақ болса, бекіткішті тазалау немесе ажарлау құралын пайдаланбау қажет.

Ажарлау шеңберін / кескіш дискіні / желпуіш тәрізді ажарлау шеңберін бөлшектемес бұрын: электр құралының тоқтап қалғанына көз жеткізіңіз.

Ажарлау құралын бөлшектеу

Иінтіректі (3) ашыңыз.

Ажарлау шеңбері / кескіш диск / желпуіш тәрізді ажарлау шеңбері босайды.

Ажарлау шеңберін / кескіш дискіні / желпуіш тәрізді ажарлау шеңберін алып тастауға болады.

Тостаған тәрізді / дискілі қылшақтар және талшықты дискілер

  • Тостаған тәрізді / дискілі қылшақтармен немесе талшықты дискілермен жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын монтаждаңыз (13).

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Бөлшектеу үшін иінтіректі (3) ашып, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.