Тасымалдау (N суретін қараңыз)

Тасымалдау үшін түпқойманы жинау керек.

  • Үстел ұзартқыштарын (5) толықтай ішке, ал дайындама таяныштарын (12)және ұзындық шектегіштерін (11) толықтай төмен жылжытыңыз.
  • Құлыпты (9) ашыңыз.
  • Тоқтатқыш болттың (20) жүктемесін түсіру үшін жұмыс үстелін тұтқасынан (6) ұстап сәл төмен итеріңіз.
  • Құлыпты (3) ашыңыз. Осылайша дөңгелектерді бұғаттайтын тоқтатқыш болттар кері тартылады.
  • Бір аяқты аяқ тірегіне (14) қойып, тұтқаны (6), бұғаттау тақтасының (21) басқа жағындағы тоқтатқыш болттар қайтадан тірелгенше, екі қолмен жоғары қарай тартыңыз.
  • Құлыпты (3) жауып қойыңыз.