Пайдаланушы интерфейсі (B суретін қараңыз)

Пайдаланушы интерфейсі (9) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін қолданылады.

Күй көрсеткіштері

Электр құралының күй индикаторы (25)

Түсі

Мағынасы

Шешімі

жасыл

Электр құралы қосулы және пайдалануға дайын.

−

сары

Оқиға назарыңызды талап етеді: Критикалық температура, аккумулятор заряды таусылған дерлік немесе техникалық қызмет көрсету қажет.

  • Электр құралын суытыңыз.
  • Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз.
  • Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беріңіз.

қызыл

Электр құралы пайдалануға дайын емес.

Себебі: Электр құралы қатты қызып кеткен, аккумулятор заряды таусылған немесе механикалық қате орын алды.

  • Электр құралын суытыңыз.
  • Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз.
  • Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беріңіз.

қызыл түспен жыпылықтап тұр

  • Іске қосқыш (6) тым ерте басылды.
  • Іске қосқыш (6) 5 секунд ішінде басылмады, қозғалтқыш автоматты түрде өшіп қалады.
  • Ауыстырып-қосқыштар қате ретте іске қосылды (мысалы, іске қосқыш электр құралын жанасқанда ату режиміне ауыстырмас бұрын басылды).
  • Күй индикаторы жасыл түспен жанғанша күте тұрыңыз.
  • Электр құралы пайдалануға қайтадан дайын.
  • Шеге қағу процесін дұрыс әрекеттер ретін сақтай отырып қайталаңыз.
  • Пайдаланушы интерфейсі арқылы іске қосу жүйесін өзгертіңіз.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (26)

Белгі

Түсі

Заряд деңгейі

–

–

20–100%

сары

1–20%

қызыл

0–1%

Техникалық қызмет көрсету индикаторы

Белгі

Түсі

Мағынасы

Шешімі

сары

"Төмен" деңгейіндегі жоспарлы техникалық қызмет көрсету күтілуде.

Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

сары

"Жоғары" деңгейіндегі жоспарлы техникалық қызмет көрсету күтілуде.

Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету есептегішін бастапқы күйге қайтару үшін бастапқы күйге қайтару түймесін (29) басыңыз.