Қорапты толтыру (A1−A4 суреттерін қараңыз)
- Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру немесе электр құралын ары қою алдында аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының кенет іске қосылуына жол бермейді.
Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз. Электр құралының қорап, ауыз және итергіш канал сияқты дәл бөлшектері Bosch ұсынған қапсырмалар, шегелер мен штифтерге сәйкестендірілген. Басқа өндірушілер басқа болат сапасын және өлшемдерді пайдаланады.
Нұсқау: тек "Техникалық мәліметтер" кестесінде келтірілген қағылатын заттарды пайдаланыңыз.
Рұқсат етілмеген қағылатын заттарды пайдалану электр құралының зақымдалуына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Қорапты толтыру кезінде электр құралын, оның аузы (18) не өзіңізге қарай, не басқа адамдарға қарай бағытталмайтындай етіп ұстаңыз.
- Қажет болса, қорап қалқанын (15) тазалаңыз және қораптың (14) ластанбағанына көз жеткізіңіз.
- Жарамды шеге таспасын (20) қорап (14) шетіндегі T тәрізді ойыққа кіргізіңіз.
- Шеге таспасын, соңғы шеге қорап серіппесінің (21) алдында орналасатындай, қорап ішіне алға қарай жылжытыңыз.
Нұсқау: электрондық бақылау жүйесі шегелердің қорапта бар-жоғын анықтайды. Іске қосу сақтандырғышы қораптың бос күйінде басылған жағдайда, қағу процесі іске қосылады. Осылайша бос қағу әрекеттеріне жол берілмейді.
- Алдын ала керілген шеге қармағышын (16) қорап қалқанына (15) қарай басып, дәл сол уақытта қорап қалқанын толығымен қораптың (14) ұшына дейін тартыңыз.
Нұсқау: қорап қалқаны қатты күш қолданусыз (тек саусақ күшімен) кері жылжытылуы керек. Қысылып қалған қорап қалқанының мынадай салдары бар: шеге қағылмайды, шеге итергіш каналда қармалып қалады ("Қысылу" бөлімін қараңыз) немесе шеге қате бұрышта қағылады.
- Қорап қалқанын (15) басылған шеге қармағышымен (16), шеге қармағышы соңғы шеге үстінен жылжытылғанша және нәтижесінде шеге таспасы қорапқа толығымен алға кіргенше, абайлап алға қарай бағыттаңыз.
Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.