Аккумуляторды зарядтау
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Зарядтау процесінің барысында электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай болып табылады.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, зарядтағыш құрылғыны ток желісінен ажыратыңыз.
Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және ол зарядтау кезінде жұмыс істемесе бұзылған болып табылмайды.
- Зарядтау құрылғысын ылғалдан қорғаңыз!