Қызмет көрсету және тазалау
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз.
Керек болса бағыттауыштарды тазалап майлаңыз. Ол үшін тек құрғайтын майды пайдаланыңыз (мысалы, тігін машинасының майын).
Қысқыш тұтқышты қосымша тартып қою
(3) мен (12) қысқыш иінтірегінің қысу күшін реттеуге болады. Ол үшін қысқыш тұтқышты босатып бұрап шығарыңыз. Қысқыш тұтқаны кемінде 30° шамасында сағат тілінің бағытына қарсы жылжытып, қайта бұрап бекітіңіз.