Қызмет көрсету және тазалау
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз.
- Денсаулыққа зиянды шаң көтерілмеуі үшін, электр құралын сығылған ауамен тазаламаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін керу құрылғыларын бөлшектеп, барлық қыспа бөлшектер мен қорғаныш қаптаманы тазалап шығыңыз.
Керек-жарақтарды мұқият сақтаңыз және күтім көрсетіңіз.