Кесу машинасының қауіпсіздік нұсқаулары
- Электр құралыңыз үшін тек алмас кескіш дөңгелектерді пайдаланыңыз. Керек-жарақты электр құралыңызға бекіту мүмкін болса да, бұл оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етпейді.
- Сегменттік алмас кескіш дөңгелектерді оң еңіс бұрышында пайдаланбаңыз. Осындай алмас кескіш дөңгелектерді пайдалану нәтижесінде жарақат алу қаупі артуы мүмкін.
- Сегменттік алмас кескіш дөңгелектерді 10 мм-ден үлкен перифериялық саңылаумен пайдаланбаңыз. Осындай алмас кескіш дөңгелектерді пайдалану нәтижесінде жарақат алу қаупі артуы мүмкін.
- Кескіш дөңгелектің номиналды айналу жиілігі кем дегенде электр·құралында белгіленген максималды айналу жиілігіне·тең·болуы·керек. Өз номиналды айналу жиілігінен жылдам істеп тұрған керек-жарақтар сынуы және жан-жаққа ұшып кетуі мүмкін.
- Дөңгелектерді тек ұсынылған пайдалану түрлеріне сай қолдануы керек. Мысал: кесуші дөңгелек шетімен майдаламаңыз. Кесуші·дөңгелектер материалды шетімен кесуге арналған,·Дөңгелектерге·әсер ететін бүйірлік күштер ықпалынан олар сынуы мүмкін.
- Әрдайым таңдалған·дөңгелек·үшін·диаметрі жарамды зақымдалмаған ернемектерді пайдаланыңыз. Дұрыс·таңдалған ернемектер дөңгелекті тіреп тұрады, сонымен қатар оның босап қалу немесе·сыну мүмкіндігін азайтады.
- Суытқыш сұйықтықты қажет ететін кескіш дөңгелектерді ·пайдаланбаңыз. Су·немесе·басқа·суытқыш сұйықтықтың пайдаланылуы ток соғуға·әкелуі·мүмкін.
- Үлкенірек электр құралдарының тозған күшейтілген дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр құралдарына арналған дөңгелектер кішірек аспаптың жоғарырақ жылдамдығына арналмаған болып, жарылуы мүмкін.
- Кескіш дөңгелегіңіздің сыртқы·диаметрі мен·қалыңдығы электр·құралының·өнімділік сипатына сай·болуы·керек. Өлшемдері дұрыс емес кескіш дөңгелектерді жеткілікті·қорғау немесе бақылау мүмкін емес.
- Дөңгелектер мен ернемектерді қондыру орнының өлшемдері электр құралының шпинделіне сай болуы тиіс. Электр құралындағы бекітпеге сай болмайтын дискілер мен ернемектер, қондыру орны өлшемлері теңгерімнен шығып, қатты тербеліп, құралдың бақылаудан шығуына əкеледі.
- Алмас дөңгелектерді ішкі ернемекке орнатқан кезде барлық монтаждық бұрандаларды пайдаланыңыз және олардың дұрыс қатайтылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс орнатылмаса, алмас дөңгелек тепе-теңдігінен айырылып, дөңгелектің құрал шпинделінен бөлініп кетуіне әкелуі мүмкін.
- Зақымдалған кескіш дөңгелектерді пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан бұрын кескіш дөңгелектерде сынықтар мен жарықтардың бар-жоғын тексеріңіз. Егер электр құралы немесе кескіш дөңгелек құласа, зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз немесе зақымдалмаған кескіш дөңгелекті орнатыңыз. Кескіш дөңгелекті тексеріп орнатқаннан кейін өзіңіз бен басқа адамдарды айналып тұрған кескіш дөңгелектің аймағынан алыстатып, электр құралын максималды жүктемесіз жылдамдықпен іске қосыңыз. Әдеттегіден тыс діріл анықталса, электр құралын бірден өшіріп, кескіш дөңгелекті алмастырыңыз. Әдеттегіден тыс діріл анықталмаса, электр құралын бір минут ішінде әрі қарай жұмыс істетіңіз. Зақымдалған дөңгелектер әдетте осы сынақ уақытында сынады.
- Жеке·қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Пайдалану тәсіліне байланысты қорғаныш масканы немесе қауіпсіздік көзілдірігін қолданыңыз. Қажет болғанда, шаңнан қорғайтын маска немесе респиратор сияқты тыныс алу органдарының қорғағышын, құлақ қорғағышын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз.Көз қорғанысы әртүрлі әрекеттердің барысында пайда болатын ұшпа·қоқысты тоқтатуға қабілетті болуы керек. Тыныс алу органдарының қорғағышы әрекет барысында пайда болған ұсақ бөліктерді сүзуге қабілетті болуы керек. Өте қарқынды шудың әсері есту·қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
- Қорғағыш электр құралына қатты орнатылып максималды қауіпсіздік үшін орналасуы қажет, осылай дөңгелектің минималды көлемі пайдаланушыға қарап тұрады. Өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған дөңгелек аймағынан алыстатыңыз. Қорғағыш пайдаланушыны сынған дөңгелек бөлшектерінен және дөңгелекке кездейсоқ тиюден қорғайды.
- Бөтен адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері немесе сынған дискілер ұшып, әрекет аймағынан тыс жайда жарақат тигізуі мүмкін.
- Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Ұшқындар осы материалдарды тұтандыруы мүмкін.
- Кескіш құрал жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекетті орындаған кезде электр құралын оқшауланған беттерінен ғана ұстаңыз. Кернеу астындағы сымға тию нәтижесінде электр құралының ашық метал бөлшектері де кернеу астына түсіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
- Кескіш дөңгелек толық тоқтамағанша, электр құралын ешқашан қоймаңыз. Айналып тұрған кескіш дөңгелек үстіңгі бетке тиіп, электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
- Электр құралын қасыңызда ұстап тұрғанда іске қоспаңыз. Айналып тұрған кескіш дөңгелектің кездейсоқ тиюінен киіміңіз ұсталып, кескіш дөңгелек денеңізге итерілуі мүмкін.
- Электр құралының желдету саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы электрленуге алып келі мүмкін.
Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары
Кері соққы - айналып·тұрған кескіш·дөңгелектің тұтылуы немесе бұғатталуы нәтижесінде пайда болатын кенет реакция. Қысылып немесе тұрып қалу айналып тұрған кескіш дөңгелектің жылдам тоқтап қалуына әкеліп, нәтижесінде электр құралы қажалу нүктесінде кескіш дөңгелектің айналу бағытына қарсы бақылаусыз қозғалады.
Мысалы,·кескіш дөңгелек дайындамада қысылып немесе тұрып қалса, қажалу нүктесіне кіретін кескіш дөңгелектің жиегі материалдың бетіне кіріп кетіп, кескіш дөңгелектің шығып кетуіне немесе итеріп шығуына·әкелуі·мүмкін. Кескіш дөңгелек өзінің қажалу нүктесіндегі қозғалыс бағытына байланысты пайдаланушыға қарай немесе одан ары секіруі мүмкін. Кескіш дөңгелектер бұл жағдайда сынып кетуі де мүмкін.
Кері соққы электр·құралын·дұрыс пайдаланбау·және/немесе қате жұмыс істеу әдістері немесе шарттарының нәтижесінде пайда болады. Төменде ұсынылған сақтық шараларын қолдану арқылы оның алдын алуға болады.
- Электр·құралын·екі қолмен мықтап ұстаңыз, денеңіз·бен·қолыңызды кері соққыға қарсылық·көрсете·алатындай·ұстаңыз. Іске қосу кезінде кері соққыны немесе айналуға жауап әрекеттерді барынша бақылау үшін, бар болса, қосымша тұтқаны әрдайым қолданыңыз. Тиісті сақтық шаралары қолданылған жағдайда, пайдаланушы айналуға жауап әрекеттерді немесе кері соққы күштерін бақылай алады.
- Қолыңызды ешқашан айналып тұрған кескіш дөңгелекке жақындатпаңыз. Кескіш дөңгелек қолыңызға кері соғылуы мүмкін.
- Денеңізді электр құралы кері соққы жағдайында жылжитын аймақта орналастырмаңыз. Кері соққы құралды қысылу кезінде кескіш дөңгелектің айналуына қарсы бағытта апарады.
- Бұрыштарды, өткір шеттерді және т.б. өңдегенде аса сақ болыңыз. Кескіш дөңгелектің секіруіне және қысылып қалуына жол бермеңіз.Бұрыштар, өткір шеттер немесе секіру айналып тұрған кескіш дөңгелекті қысып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға немесе кері соққыға әкелуі мүмкін.
- Қиғаш кесуге әрекеттенбеңіз. Кескіш дөңгелек·тым қатты·басылғанда,·жүктеме·жəне кескіш·дөңгелектің·кесікте·бұралуға·немесе·қысылуға бейімділігі және кері соққы немесе сыну мүмкіндігі артып, ауыр жарақат алу қаупі туындауы мүмкін.
- Ара шынжырын, ағаш кесетін жүзді немесе тісті ара жүзін бекітпеңіз. Мұндай·жүздер жиі кері соққыға және бақылау мүмкіндігінен айырылуға·әкеледі.
- Кескіш дөңгелекті "қыспаңыз" немесе тым қатты баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз. Кескіш дөңгелектің тым·қатты·басылуы·жүктемені·жəне·кескіш дөңгелектің·кесікте·бұралуына·немесе қысылып қалуына·шалдыққыштығын жəне·кері соққының немесе·кескіш дөңгелек·сынуының·ықтималдығын·арттырады.
- Кескіш дөңгелек қысылып қалса немесе кез келген себептен кесу жұмысын тоқтатса, электр құралын өшіріп, кескіш дөңгелек толығымен тоқтағанша электр құралын жылжытпай ұстаңыз. Кескіш дөңгелек қозғалып тұрғанда, кескіш дөңгелекті ешқашан кесіктен шығарып алуға әрекеттенбеңіз, әйтпесе кері соққы пайда болуы мүмкін. Кескіш дөңгелек қысылуының себебін жою үшін мәселені зерттеп, түзету шараларын қолданыңыз.
- Құрал дайындамада тұрғанда, кесу әрекетін қайта іске қоспаңыз. Кескіш дөңгелекті толық жылдамдығына жеткізіп, абайлап қайта кесе бастаңыз. Электр құралы дайындама ішіннде қайта іске қосылса, кескіш дөңгелек тұрып қалуы, дайындамадан шығып кетуі немесе·қері соққы жасауы мүмкін.
- Тіреуіш панельдер немесе кез келген тым үлкен дайындама кескіш дөңгелектің қысылу және кері соққы қаупін азайтуға арналған. Үлкен дайындамалар өз салмағынан иілуі мүмкін. Тіректерді дайындаманың астына·кесу сызығының·жанында·жəне кескіш·дөңгелектің·екі жағынан·да дайындама шетіне жақын орналастыру керек.
- Бар қабырғаларда немесе басқа көрінбейтін аймақтарда "қалта" түріндегі кесіктер жасағанда айрықша сақтық танытыңыз. Шығып тұрған кескіш дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымдарын немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары


Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты пайдаланыңыз.
- Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Жұмыстан соң кесу дискісін сұығанша тимеңіз. Кесу дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.