Қолданысқа енгізу
- Қолданысқа енгізбес бұрын жоғарғы қорғаныш қаптаманың (17) бастапқы күйде тірелгенін тексеріңіз. Бастапқы күйге, ілмек (32) қапсырмаға (31) тірелген жағдайда қол жеткізу мүмкін болады. Әйтпесе алмас кескіш дискілер дайындамаға тиюі және қосылған кезде электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
- Пайдалану алдында алмас кескіш дискіні қайта тексеріңіз. Алмас кескіш диск мінсіз орнатылған және еркін айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Зақымдалған, домалақ емес немесе дірілдейтін алмас кескіш дискілерді пайдаланбаңыз. Зақымдалған алмас кескіш дискілер жарылуы және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Электр құралын қосу үшін бағыттауышты (7) төңкеріп, ажыратқышты (6) төмен итеріңіз. Бағыттауышты (7) жіберіңіз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) жіберіңіз.
Электр құралының айналу бағыты – алдыңғы тұтқаның бағытымен. Ол тірек тақтасындағы көрсеткі (33) арқылы да көрсетіледі.
Электр құралын әрдайым арнайы тұтқаларын екі қолыңызбен ұстап басқарыңыз.
Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі айналу жиілігін шектейді және электр құралының бірқалыпты іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден қызмет көрсету орталығына жіберу қажет, мекенжайларды "Қызмет көрсету орталығы және пайдалану бойынша кеңес" бөлімінен қараңыз.

