Шаңды және жоңқаларды сору
Шаң мөлшерін азайту шараларын қолданбай жұмыс істемеңіз. Сәйкес сорғыш құрылғы денсаулыққа қауіпті шаң жүктемесін азайтады. Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әрдайым тыныс органдарына арналған жарамды қорғанысты пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды шаңсорғышты пайдаланыңыз. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сорғышқа қойылатын талаптар | ||
|---|---|---|
Шлангінің ұсынылған номинал диаметрі | мм | 35 |
Қажетті төменгі қысымA) | мбар | ≥ 230 |
Қажетті ағын мөлшеріA) | л/с | ≥ 36 |
Сүзгінің ұсынылатын өткізу қабілеті | M шаң класыB) | |
- A)
Электр құралының сорғыш жалғағышындағы қуат мәні
- B)
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша
Сорғыш нұсқаулығын қараңыз. Сору қуаты төмендеген жағдайда, жұмысты тоқтатып, себебін жойыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (A суретін қараңыз)
Шаңсорғыш тек ажарлау пластинасымен (15) жұмыс істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы аспаптармен бірге пайдалануға болмайды.
Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.
Шаңсорғышты монтаждау үшін алмалы-салмалы аспапты және тереңдік шектегішін (10) алып тастаңыз.
Click & Clean жалғағышы жоқ шаңсорғышты (13) немесе Click & Clean жалғағышы бар шаңсорғышты (14), құрал бекіткіші (8) электр құралының қысқыш мойыншасына тірелгенше жылжытыңыз. Шаңсорғышты құлыптау үшін қысқыш иінтіректі (17) басыңыз.
Шаңсорғышты сорғыш шлангіге жалғаңыз:
- Click & Clean жалғағышы жоқ шаңсорғыш (13): шаңсорғыштың сорғыш шлангісін (20) сору адаптеріне (19) енгізіп, бекітіңіз. Сору адаптерін (19) шаңсорғыштың (13) аспирациялық келте құбырына (18) жалғаңыз.
- Click & Clean жалғағышы бар шаңсорғыш (14): шаңсорғыштың сорғыш шлангісін (20) шаңсорғыштың (14) аспирациялық келте құбырына (18) енгізіп, бекітіңіз.
Болмаса, сору адаптерін (19) шаңсорғыштың (14) аспирациялық келте құбырына және сору адаптерінің (19) сорғыш шлангісіне (20) жалғауға болады.
Сорғыш шлангіні (20) шаңсорғышқа жалғаңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.