Пайдалану нұсқаулары

Аккумулятор заряды таусылған шам өшпес бұрын, ол 3 рет жыпылықтап, азайтылған жарықтықпен жанады.

Шам бастиегін (2) 21 деңгей бойынша 360°-қа айналдыруға және 7 деңгей бойынша ең көбі 180°-қа аударуға болады.

Ілгек (3) шамды ілуге мүмкіндік береді.

  • Ілгекті нысандарды тарту үшін пайдаланбаңыз. Ілгек немесе шам сынуы мүмкін.

Магниттің (7) көмегімен шамды ферромагнитті беттерге бекітуге болады.

  • Шамды үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды аккумулятор бекіткішінің артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.

Бекіту кезінде сезімтал беттерде сызаттардың пайда болуына жол бермеңіз.