Пайдалану нұсқаулары
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
Құбыр кесу кезінде сынуы немесе жарылуы мүмкін.
Пластик құбырлар төмен температураларда сынғыш болып кетеді. Суық пластик құбырлар тезірек сынады немесе жарылады.
Пластик құбырлардың қысқа немесе жіңішке бөліктері кесу кезінде сынуы мүмкін.
Құбырды берік ұстап тұру мүмкін болмаса, бұл оның кесуге тым қысқа екенін білдіреді.
Құбырды әрдайым тік бұрышта кесіңіз. Қиғаш кесу мүмкін емес және жүздің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Құбырды кесу алдында тазалаңыз. Бұл жүздің қызмет ету мерзімін ұзартады.
Жарылыстар, ток соғу және мүлікке залал келтіру қаупін азайту үшін ешқашан газ құбырларын, электр сымдарын немесе толтырылған су құбырларын кеспеңіз.
Су құбырларын кесу алдында судан босату керек.
Кесу бойынша дайындық жұмыстары мен кейінгі жұмыстар құбыр өндірушісінің ұсыныстары бойынша жүзеге асырылуы керек. Нұсқауларға сәйке дайындау және орнату үшін пайдаланушы жауапты.
Барлық дене мүшелерін жұмыс істеп тұрған электр құралының кесу аймағынан алшақ ұстаңыз.
Жарақат алу қаупін болдырмау үшін электр құралын сақтауға қоймас бұрын немесе оны пайдаланбаған кезде жүзді әрдайым толықтай жабық күйге келтіріңіз.
Тасымалдау бауы (C суретін қараңыз)
Тасымалдау бауын (17) суретте көрсетілгендей бекітіңіз.