Пайдалануға ендіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7), дыбыстық сигнал берілгенше, бір секундтай басыңыз. Жарық диодты күй индикаторы (3) жыпылықтап, электр құралының күту режимінде екендігін білдіреді. Жүзді (1) ашу үшін ауыстырып қосқыш иінтіректі (8) бір рет басыңыз. Жарық диодты күй индикаторы (3) тұрақты жанып тұрады және электр құралы пайдалануға дайын болады.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) бір секунд басыңыз.
Нұсқау: электр құралын, ұшы (1) жабық болғанда ғана өшіріңіз.
Электр құралы 180 секундтан кейін автоматты түрде өшіп қалады. Жарық диодты күй индикаторы (3) сөнеді. Қайта қосу үшін ажыратқышты (7) қайта басыңыз. Жүз (1) ашық болғанда, ол қысқа уақыт қозғалып, электр құралының пайдалануға қайта дайын болғаны туралы хабарлайды.
Жүз (1) ашық болғанда, электр құралы 60 секундтан кейін күту режиміне ауысады. Жарық диодты күй индикаторы (3) жыпылықтайды. Электр құралын іске қосу үшін ауыстырып қосқыш иінтіректі (8) басыңыз.
Жарық диодты күй индикаторы (3) электр құралының күйін көрсету үшін қолданылады.
Жарық диодты күй индикаторы (3) | Күйі | Шешімі |
|---|---|---|
Үздіксіз жану | Электр құралы кесуге дайын | − |
Баяу жыпылықтау | Күту режимі | − |
Жылдам жыпылықтау | Аккумулятор немесе құрал қатесі | Аккумуляторды зарядтаңыз немесе электр құралын суытыңыз немесе аккумуляторды шығарып, қайта салыңыз |
Пышақ ашпасын 20 мм немесе 32 мм өлшеміне орнатуға болады. Ол үшін ажыратқышты (7) қатарынан екі рет жылдам басыңыз. 20 мм пышақ ашпасы үшін бір дыбыстық сигнал беріледі; 32 мм пышақ ашпасы үшін қос дыбыстық сигнал беріледі. Жүз (1) жаңадан ашылған кезде, өзгертілген пышақ ашпасы белсенді болады. Жүз (1) реттеу барысында ашық болса, оны алдымен жабу керек, сонда ғана жаңа пышақ ашпасы белсенді болады.