Құбыр кескішке арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Қорғаныш көзілдірік тағыңыз. Осылайша көзіңізді шашыраған материалдан қорғайсыз.

Қорғаныш қолғап киіңіз. Өткір пышақтан жарақат алуыңыз мүмкін
- Қолыңызды электр құралын пайдалану барысында кесу аймағынан алшақ ұстаңыз. Жарақат алуыңыз немесе тіпті қол-аяғыңыздан айырылуыңыз мүмкін.
- Электр құралын жабық пышақпен тасымалдаңыз және сақтаңыз. Осылайша өткір пышақтан жарақат алу қаупі азайтылады.
- Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында кернеу астындағы бөлшектердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Жаныңызда кернеу өткізгіш бөлшектер бар болса, тиісті қорғаныс шараларын қолданыңыз. Электр құралы кернеу астындағы бөлшектерде жұмыс істеуге жарамайды.
- Газбен немесе сумен толтырылған немесе электр кернеуінің астында тұрған құбырларды немесе сымдарды ешқашан кеспеңіз. Осылайша жарылыс, ток соғу немесе мүлікке залал келтірудің алдын аласыз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.