Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен
бетінде іске қосылудан қорғайтын құлыпты (4) басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз. Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (4) іске қосу үшін
бетінде іске қосылудан қорғайтын құлыпты басыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (5) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті (5) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.
Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес беріледі:
- ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін дайындамаға қойған кезде,
- материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен алюминийді аралау кезінде.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.