Қолданысқа енгізу
Компрессорды берік, тегіс, көлденең әрі таза бетке құламайтындай етіп орнатыңыз.
Компрессор жақсы желдетілуі керек. Атап айтқанда, ауа сүзгісінің қақпағындағы (12) кіріс ауа саңылауы және желдету саңылаулары ауа ағынына кедергі келтіруі мүмкін қабырғалар мен басқа бөгеттерден жеткілікті қашықтықта орналасуы керек.
Резервуар қысымын алдын ала таңдау қосқышы (4) максималды резервуар қысымы үшін 2 реттеудің бірін таңдауға мүмкіндік береді:
- 8 бар
- 4 бар
Резервуар қысымы қажетті жұмыс қысымынан жоғарырақ болуы керек.
Төмендетілген резервуар қысымымен жұмыс істеген кезде, толтыру уақыты азаяды. Осылайша аккумулятордың жұмысы уақыты ұзарады.
Резервуар қысымы үнемі резервуар қысымының манометрінде (3) көрсетіледі.
- Компрессорды қоспас бұрын сақтандырғыш клапанды тексеріңіз. Сақтандырғыш клапанда (5) зақымдар көрінген жағдайда, компрессорды пайдаланбаңыз.
Ағызу клапаны (7) жабық болғанына көз жеткізіңіз.
Компрессорды қосу үшін ажыратқышты (6) I күйіне басыңыз.
Жалғанған пневматикалық құралмен/керек-жарақпен жұмысты, резервуар қысымының манометрінде (3) жеткілікті резервуар қысымы көрсетілгенде ғана бастаңыз.
Орнатылған максималды резервуар қысымына жеткенде, компрессор қозғалтқышы автоматты түрде өшіп қалады.
Резервуар қысымы түскен жағдайда, компрессор қозғалтқышы автоматты түрде қосылады.
Компрессорды өшіру үшін ажыратқышты (6) 0 күйіне басыңыз.
Жұмыс қысымын тиісті қолданыс түріне сай реттеңіз. Пневматикалық құралдарды және пневматикалық керек-жарақтарды пайдаланған кезде, компрессордың жұмыс қысымы жалғанған құралдардың немесе керек-жарақтардың максималды жұмыс қысымынан жоғары болмауы керек.
Жұмыс қысымын көтеру үшін жұмыс қысымының айналмалы реттегішін (2) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Жұмыс қысымын төмендету үшін жұмыс қысымының айналмалы реттегішін (2) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Жұмыс қысымы үнемі жұмыс қысымының манометрінде (1) көрсетіледі.