Ақауларды жою

Себебі

Шешім

Компрессорды қосу мүмкін емес немесе ол автоматты түрде өшіп қалады (резервуар қысымы төмен болса да).

Аккумулятор заряды таусылған немесе ол зақымдалған.

Аккумуляторды зарядтаңыз немесе алмастырыңыз.

Компрессор немесе аккумулятор қатты қызып кетті.

Компрессорды қайта қоспас бұрын компрессор мен аккумуляторды кемінде 10 минут суытыңыз. Компрессордың барлық желдету саңылаулары бос болғанына және компрессор жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.

Жеткілікті резервуар қысымына қол жеткізу мүмкін емес немесе резервуар қысымы қозғалтқышты өшіргеннен кейін сығылған ауаны пайдаланусыз түсіп қалады.

Аккумулятор өте әлсіз.

Сыйымдылығы кемінде 4 А-сағ аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз.

Ағызу клапаны (7) дұрыс жабылмаған.

Ағызу клапанын толықтай жабыңыз.

Сығылған ауа шлангісі дұрыс жалғанбаған немесе бұзылған.

Сығылған ауа шлангісі мен оның жалғағыштарын тексеріп, сығылған ауа шлангісін қажетінше алмастырыңыз.

Компрессор автоматты түрде өшіп қалмайды.

Ауа сүзгісі (11) ластанған немесе зақымдалған.

Ауа сүзгісін тазалаңыз немесе алмастырыңыз.

Ағызу клапаны (7) дұрыс жабылмаған.

Ағызу клапанын толықтай жабыңыз.

Сығылған ауа шығыны тым үлкен.

Компрессор жалғанған пневматикалық құрал үшін жарамсыз.

Сығылған ауа шлангісі дұрыс жалғанбаған немесе бұзылған.

Сығылған ауа шлангісі мен оның жалғағыштарын тексеріп, сығылған ауа шлангісін қажетінше алмастырыңыз.

Сығылған ауа тым ылғалды.

Қысымды резервуарда тым көп конденсат жиналды.

Компрессорды өшіріп, конденсатты ағызу клапаны (7) арқылы шығарыңыз.

Ауа ылғалдылығы тым жоғары.

Компрессорды ауа ылғалдылығы төменірек жерге қойыңыз.

Компрессорды төмендегі жағдайларда Bosch қызмет көрсету орталығына тексертіңіз:

Қысымды резервуарды (8) өз бетінше жөндеуге әрекеттенбеңіз.