Компрессорларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Компрессорды жаңбырлы немесе ылғалды жағдайларда пайдаланбаңыз. Судың кіруі қысқа тұйықталуға/ток соғуға әкелуі мүмкін.

Компрессор беті жұмыс кезінде қызып кетуі мүмкін. Компрессорды ұстамас бұрын оның салқындауына уақыт беріңіз.

Компрессор, минималды қысымнан асырылған жағдайда, ескертусіз автоматты түрде іске қосылуы мүмкін. Жарақат алудың алдын алу үшін техникалық қызмет көрсету жұмыстарының алдында аккумуляторды шығарып алыңыз.
- Жылдам жалғағыш муфтаны алып тастау кезінде ауа шлангісінің ұшын мықтап ұстаңыз. Ауа шлангісі мен бак қысым астында тұрады. Осылайша ауа шлангісінің бақылаусыз соғылуына және жарақат тигізуіне жол берілмейді.
- Жұмыс қысымы 7 бар шамасынан жоғары болса, жеткізуші шлангілерді қосымша сақтандырғыш кабельмен немесе арқанмен бекітіңіз. Осылайша шлангінің муфтадан кенет ажыратылуына және адамдарға жарақат тигізуге немесе өзге зақымдарға жол берілмейді.
- Компрессордың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етіңіз. Компрессордың құлауы корпустың зақымдалуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда электрлік қауіпсіздік те қамтамасыз етілмейді.
- Жарылғыш, жанғыш немесе денсаулыққа қауіпті заттарды компрессормен сормаңыз. Компрессорды жарылу қаупі бар жайларда пайдаланбаңыз. Заттар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
- Компрессорды мүмкіндігінше шаңды ортада пайдаланбаңыз. Шаңды ортадан құтылу мүмкін болмаса, шаңнан қорғайтын масканы тағыңыз. Осылайша өзіңіз бен денсаулығыңызды қорғайсыз.
- Сығылған ауаны адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз. Осылайша жарақат алуға жол бермейсіз.
- Қысымды қазанды өзгертпеңіз, өңдемеңіз немесе өзге мақсатпен пайдаланбаңыз. Қысымды қазан қатты қысым астында жұмыс істейді және сіз оның беріктігіне қауіп төндіресіз. Бұл жарылысқа немесе ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Пайда болған конденсатты қысымды қазаннан жүйелі түрде ағызып тұрыңыз. Осылайша қысымды қазанды тот басуына және денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін ауру тудыратын микроағзалардың пайда болуына жол берілмейді.
- Қысымды қазан қысым астында болған кезде, компрессорды тасымалдамаңыз немесе сақтауға қоймаңыз. Әйтпесе сығылған ауа кенет шығып, жарақат алуға немесе зақымдалуға әкелуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.