Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) алға жылжытып қосқышты "І" көзге түсетін қылыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) "0" қосқышы көрінгенше артқа жылжытыңыз.

Жұмыс жарығы таспа тікелей жұмыс аймағында көру мүмкіндігін жақсартады. Ол электр құралмен бірге автоматты қосылады және өшіріледі.

Нұсқау: Егер өлшеу құралы аккумулятор заряды ада болғандықтан өшсе, онда оны қосқыш/өшіргішпен (2) өшіріңіз.
Электр құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Тербелу санын таңдау

Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (6) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.

Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

  • Ағашты аралау үшін тербелістер санының ең көбі "6" деңгейі ұсынылады.
  • Ажарлау үшін тербелістер санының ең көбі "4" деңгейі жарамды.
  • Пластик пен металды аралау үшін тербелістер санының ең көбі "4" деңгейі жарамды.

Назар аударыңыз: алмалы-салмалы аспаптардағы немесе олардың орауышындағы максималды тербелістер саны туралы мәліметтерді ескеріңіз. Ажарлауға және тасты алмалы-салмалы аспаптар сияқты алмалы-салмалы аспаптармен ең көбі "4" тербелістер санының деңгейінде жұмыс істеңіз.

Нұсқау: тым үлкен тербелістер саны алмалы-салмалы аспаптардың тозуын ұлғайтады немесе алмалы-салмалы аспаптардың мезгілсіз істен шығуына әкелуі мүмкін.