Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
- Сорғышқа техникалық қызмет көрсету және оны тазалау кезінде тиісті талаптарға сәйкес FFP2 немесе одан жоғары қорғаныс класындағы қорғаныш масканы және бір рет қолдануға арналған толық қорғайтын киімді киіп жүріңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау жұмыстарын тек біліктілік куәлігі бар тұлғалар өткізуі тиіс.
- Сорғышты сығылған ауамен тазаламаңыз. Сүзгі немесе басқа да құрамдастар зақымдалуы мүмкін.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).
Оған қоса жылына кемінде бір рет сүзгінің жарамдылығы EN 60335-2-69, 22.AA.201.2 бойынша тексерілуі қажет. Ұлттық талаптарға сәйкес одан да жиі тексеру қажет болуы мүмкін.
Егер сүзгінің тиімділігі жеткіліксіз болса, сүзгіні ауыстырып, сынақты қайталау қажет.
- Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
- Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз.
- Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы желдетілген жерде өткізіңіз.
- Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын тазалап шығыңыз.
- Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
- Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалап шығыңыз.
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) дереу алмастырыңыз.
- Екі бекіткіш бұранданы (38) босатып, пластинаның сақтандырғышын (19) төмен жылжытыңыз.
- Пластинаны (18) тартып, сүзгі қақпағын (39) ашыңыз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) қалқасынан ұстап, оны жоғары қарай шығарыңыз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) шығару кезінде түсетін шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі қақпағының (39) жиегінен кетіріңіз.
- Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Сүзгі қақпағын (39) жауып қойыңыз (шерту дыбысымен тірелуі тиіс).
- Пластинаның сақтандырғышын (19) қайтадан жоғары жылжытып, екі бекіткіш бұранданы (38) бұрап бекітіңіз.