Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
- Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
- Сорғышты сығылған ауамен тазаламаңыз. Сүзгі немесе басқа да құрамдастар зақымдалуы мүмкін.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).
- Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
- Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз.
- Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы желдетілген жерде өткізіңіз.
- Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын тазалап шығыңыз.
- Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
- Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалап шығыңыз.
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні жүйелі түрде тазалаңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) дереу алмастырыңыз.
- Пластинаны (18) тартып, сүзгі қаптамасын (36) ашыңыз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) қалқасынан ұстап, оны жоғары қарай шығарыңыз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) шығару кезінде түсетін шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі қаптамасының (36) жиегінен кетіріңіз.
ПЭС және ПТФЭ жалпақ қатпарлы сүзісін су ағынының астында шаюға болады. - Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Сүзгі қаптамасын (36) қайтадан жауып қойыңыз (шерту дыбысымен тірелуі тиіс).