Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап қойыңыз.

Радио қабылдағышты жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз. Радио қабылдағыштың ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ графикалық белгілер (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз белгісінің/графикалық белгілердің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әрбір қолданысы лицензия бойынша жүзеге асырылады.