Мәзір опциялары (GPB18V‑3SC)
- Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.
Мәзір ішінде мәзірдің атауы көп функциялы индикатордың (a) жоғарғы жолағында, ал таңдауға болатын реттеу – астыңғы жолағында көрсетіледі.
<Sound Settings>
Дыбыс мәзірі: биіктік деңгейін <Treble> және тереңдік деңгейін <Bass> −5 және +5 аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
<Time Settings> (<DAB>/<FM> аудио көздері үшін)
Уақыт мәзірі: 24 сағаттық <24 Hour Mode> және 12 сағаттық <12 Hour Mode> уақыт форматтарының бірін таңдауға болады.
- Уақыт, ойнатылатын радио станция уақыт деректерін таратқан жағдайда ғана көрсетіледі.
<DAB Auto Scan> (<DAB> аудио көзінде)
Станцияны автоматты түрде іздеу мәзірі: станцияны автоматты түрде іздеу процесін іске қосуға болады.
<MSS Settings> (Bluetooth® аудио көзі үшін)
Multi-Speaker Stream мәзірі: Multi-Speaker Stream арқылы ағымдағы ойнатудың таратылуын бастауға немесе аяқтауға болады.
<Device Info>
Құрылғы туралы ақпарат мәзірі: <Version> (Нұсқа) ішкі мәзірінде радио қабылдағыштың Bluetooth® атауларын және бағдарламалық пен аппараттық жасақтама нұсқасын қарап шығуға болады.