Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату
- Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы ойнату үшін
түймесін қысқаша басыңыз.
- Дисплейде
индикаторы пайда болады.
Болмаса, Bluetooth® аудио көзін SOURCE тұтқасының көмегімен таңдауға болады.
Bluetooth® арқылы аудио көзі қосылғаннан кейін,
индикаторы үздіксіз жанып тұрады.
GPB18V‑3SC: көп функциялы индикатордың (a) жоғарғы жолағында Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының атауы, ал төменгі жолағында қосылған құрылғы тарататын контент көрсетіледі.
Байланысты қайта орнату:
Сақталған аудио көздері қолжетімсіз болғанда немесе аудио көзінен Bluetooth® арқылы байланыс аяқталып, жаңа аудио көзін іздеу керек болғанда, байланысты іздеу процесін бастаңыз.
түймесін 0,5 секундтан ұзақ басыңыз (PAIRING).- Байланысты іздеу кезінде
индикаторы жыпылықтайды.
GPB18V‑3SC: көп функциялы индикаторда (a) <Pairing> индикациясы көрсетіледі. - Сыртқы аудио көзі арқылы жаңа байланысты іске қосыңыз.
Іске қосу әрекетін смартфондарда көбінесе Bluetooth® мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады. Радио қабылдағыш GPB18V‑3Cxxxx немесе GPB18V‑3SCxxxx атауымен қолжетімді көз ретінде көрсетіледі.
Бұл ретте аудио көзінің/смартфонның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
Қайта байланыс орнату:
Егер радио қабылдағыш сыртқы аудио көзімен (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы әлдеқашан байланыстырылған болса және бұл аудио көзі қолжетімді болса, онда осы аудио көзімен байланыс автоматты түрде орнатылады. Байланыс орнату кезінде
индикаторы жыпылықтайды.
GPB18V‑3SC: көп функциялы индикаторда (a) <Connecting> индикациясы көрсетіледі.
Сақталған аудио көзі қолжетімсіз болса, 2 минуттан кейін байланысты іздеу процесі автоматты түрде басталады.
- Bluetooth® арқылы байланыс орнату мүмкін болмаса, радио қабылдағыш 19 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.
- Аудио көзінен Bluetooth® арқылы ойнатуды бастаңыз.
- Егер Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған станцияға ауысады.