Аккумулятормен бірге пайдалану
Bosch компаниясы аккумуляторсыз радио қабылдағыштарды да сатады. Радио қабылдағыштың жеткізілім жиынтығына аккумулятордың кіретін-кірмейтінін қаптамадан анықтауға болады.
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтағыш құрылғылар радио қабылдағышыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумуляторға сәйкес келеді.
- Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.
Аккумуляторды алмастыру
- Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау иінтірегін (13) ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) ашыңыз.
- Аккумуляторды босату түймесін (18) басып, аккумуляторды (19) аккумулятор бөлімінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
- Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (15) тірелгенше енгізіңіз.
- Аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) жауып, құлыптаңыз.
Айрықша үлкен аккумуляторларды пайдалану үшін аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) алып тастауға болады.
- Бұл ретте аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) ашып қойыңыз.
- Бекіткіштің серіппелі элементтерін (14) бір-біріне басып, аккумулятор қақпағын алып тастаңыз.
- Үлкен аккумуляторды шығарып алған соң, аккумулятор бөлімінің қақпағын қайтадан орнатыңыз.