Сыртқы құрылғыларды электр қуатымен жабдықтау

Сыртқы құрылғыларды USB порты арқылы зарядтау

USB Type‑C® жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы, әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады. Максималды зарядтау тогы 3 А құрайды.

USB Type‑C® ұясының (15) қақпағын ашыңыз. Сыртқы құрылғыны жарамды кабель арқылы динамиктегі USB Type‑C® ұясына (15) жалғаңыз.

Сыртқы құрылғыларды, динамик аккумулятор арқылы жұмыс істеген және қосылып тұрған кезде ғана зарядтауға болады.

Ластанудан қорғау үшін штепсельдік зарядтау кабелін шығарғаннан кейін USB Type‑C® ұясының (15) қақпағын қайта жауып қойыңыз.