Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Кернеу сынау құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау кернеу сынау құралындағы кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ САҚТАҢЫЗ.
- Кернеу 1000 В шамасынан жоғары болатын электр тізбектерінде өлшеу әрекеттерін орындамаңыз. Кернеу сынау құралын тек белгіленген номиналды кернеу диапазонында және кернеуі 1000 В АТ/ТТ шамасынан аспайтын электр қондырғыларында пайдаланыңыз.
- Кернеу сынау құралы зақымдалған болса немесе дұрыс жұмыс істемесе, оны пайдаланбаңыз. Сынақ ұштығын пайдаланбас бұрын онда сызаттар немесе сынған жерлердің жоқтығын тексеріңіз.
- 30 В айнылмалы кернеуден немесе 60 В тұрақты кернеуден жоғары кернеулермен жұмыс істеген кезде ерекше сақтық танытыңыз! Тіпті осындай кернеулер, электр сымдарына тиген жағдайда, өмірге қауіпті ток соғу жағдайын тудыруы мүмкін.
- Кернеу сынау құралында көрсетілген кернеу мәндері номиналды болып табылады. Кернеу сынау құралын тек номиналды кернеу мәндері белгіленген қондырғыларда пайдаланыңыз.
- Кернеу сынау құралында көрсетілген сигналдарды (соның ішінде аса төмен кернеудің (ELV) шектік мәндерін) өлшеу мақсатында пайдаланбаңыз.
- Кернеу сынау құралын пайдаланбас бұрын батареялардың заряд деңгейін тексеріңіз және қажет болса, оларды алмастырыңыз.
- Кернеу сынау құралының жұмысын алдын ала тексеріңіз және пайдаланғаннан кейін өзіндік сынақ өткізіңіз. Бір немесе бірнеше деңгейдің индикациясы жоқ болса немесе жұмысқа жарамсыздығы көрсетілсе, кернеу сынау құралын пайдаланбаңыз.
- Кернеу сынау құралын фондық дыбыс деңгейі қатты болатын жерлерде пайдаланбас бұрын оның дыбыстық сигналдарының естілуін тексеріңіз.
- Кернеу сынау құралын батарея бөлімінің ашық қақпағымен пайдаланбаңыз.
- Кернеу сынау құралының ішкі қарсылығына байланысты, кедергі кернеуі бар болғанда, "Жұмыс кернеуі бар" немесе "Жұмыс кернеуі жоқ" күйін көрсетудің әртүрлі жолдары бар.
Ішкі қарсылығы салыстырмалы түрде төменірек болатын кернеу сынау құралы 100 кОм шамасындағы анықтамалық мәнге қарағанда бастапқы мәні ELV шамасынан жоғары болатын кедергі кернеуінің барлық мәндерін көрсетпейді. Тексерілетін қондырғы бөлшектеріне тиген жағдайда, кернеу сынау құралы зарядты ELV мәнінен төмен деңгейге дейін уақытша түсіру арқылы кедергі кернеуін төмендете алады; алайда кернеу сынау құралын алып тастағаннан кейін, кедергі кернеуі өзінің бастапқы мәніне қайта оралады.
"Кернеу бар" индикациясы пайда болмаса, жұмыстарды бастамас бұрын жерге тұйықтау құрылғысын салу міндетті түрде ұсынылады.
Ішкі қарсылығы салыстырмалы түрде жоғарырақ болатын кезде кернеу сынау құралы, кедергі кернеуі бар болғанда, анықтамалық мәннен 100 кОм жоғары оқиды."Жұмыс кернеуі жоқ" күйін бірмағыналы түрде көрсетпейді.
Жүйеден ажыратылған болып саналатын бір бөлшекте "Кернеу бар" индикациясы көрсетілсе, қосымша шаралардың көмегімен (мысалы, жарамды сынау кернеу құралын пайдалану, электр желісіндегі ажырату нүктесін қарап шығу және т.с.с.) тексерілетін қондырғы бөлшегінің "Жұмыс кернеуі жоқ" күйін растау және кернеу сынау құралында көрсетілген кернеудің кедергі кернеуі болуын анықтау міндетті түрде ұсынылады.
Ішкі қарсылықтың екі мәні бар кернеу сынау құралы корпусының кедергілерге төзімділігін тексеру сынағынан өтті және (техникалық шектеулердің шеңберінде) жұмыс кернеуін кедергі кернеуінен ажырата алады және бар кернеу түрін тікелей немесе жанама көрсете алады.
- Кернеу сынау құралын тек білікті мамандар қауіпсіз жұмыс істеу әдістерімен пайдалануы керек.
- Кернеу сынау құралын тек білікті маманға және тек түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндетіңіз. Осылайша кернеу сынау құралының қауіпсіздігі сақталады.
- Өкілеттігі жоқ тұлғаларға кернеу сынау құралын бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
- Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада кернеу сынау құралын пайдаланбаңыз. Кернеу сынау құралы ұшқын шығарып, шаңды жанды немесе буды тұтандыруы мүмкін.
- Сым майланған жағдайда және тұрақты ток контурларында кернеу сынау құралы кернеуді анықтай алмайды.
- Кернеу сынау құралына айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі керек. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің жағдайында алдымен кернеу сынау құралын қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз. Айрықша температура немесе температура ауытқулары орын алған жағдайда, кернеу сынау құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
- Кернеу сынау құралын тек берілген температура мен ылғалдылық диапазондарында пайдаланыңыз.