Литий-иондық аккумулятор блогын (керек-жарақ) зарядтау

Литий-ионды аккумуляторды ешқашан өлшеу құралы ішінде зарядтамаңыз!
Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.

Зарядтау үшін литий-ионды аккумулятор блогын (19) батарея бөлімінің қақпағынан (16) шығарып алу керек .

USB кабелін жалғауға арналған USB ұясы және зарядтауды бақылау шамдары литий-ионды аккумулятор блогындағы (19) (керек-жарақ) USB ұясы қақпағының астында орналасқан.

  1. USB ұясының қақпағын ашыңыз.
  2. USB кабелін жалғаңыз.
  3. Зарядтау барысында зарядтауды бақылау шамы сары түспен жанып тұрады.
  4. Литий-ионды аккумулятор блогы (19) (керек-жарақ) толықтай зарядталған кезде, зарядтауды бақылау шамы жасыл түспен жанып тұрады.
  5. Қызыл түсті зарядтауды бақылау шамы зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз екендігін білдіреді.