Аккумулятор/батарея

Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.

Әдеттегі аккумуляторларды (мысалы, никель-металл гибридін) пайдаланбаңыз.

  • Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.

Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор өлшеу құралынан шығарылса, заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады.

Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Әр аккумулятор түрінде лазер күйінің индикаторы бар бола бермейді.

Аккумулятор түрі GBA 18V...

Жарық диоды

Қуаты

Үздіксіз жарық 3× жасыл

60–100%

Үздіксіз жарық 2× жасыл

30–60%

Үздіксіз жарық 1× жасыл

5–30%

Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл

0–5%

 

Аккумулятор түрі ProCORE18V...

Жарық диоды

Қуаты

Үздіксіз жарық 5× жасыл

80–100%

Үздіксіз жарық 4× жасыл

60–80%

Үздіксіз жарық 3× жасыл

40–60%

Үздіксіз жарық 2× жасыл

20–40%

Үздіксіз жарық 1× жасыл

5–20%

Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл

0–5%

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.

Батареяларды батарея адаптеріне (22) салыңыз.

Бұл ретте полярлықтың батарея адаптеріндегі суретке сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Барлық батареяларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бір өндіруші ұсынған және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
  • Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.
Батарея адаптері арнайы Bosch өлшеу құралдарында ғана пайдалануға арналған.

  1. Батарея бөлімі қақпағының бекіткішін (2) күйіне жылжытып, батарея бөлімінің қақпағын (1) ашыңыз.
  2. Босату түймесін (23) басып, аккумуляторды (24) немесе батарея адаптерін (22) батарея бөлімінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
  3. Зарядталған аккумуляторды (24) немесе батареялар салынған батарея адаптерін (22) батарея бөліміне шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
  4. Батарея бөлімінің қақпағын (1) жауып, бекіткішті (2) күйіне жылжытыңыз.

Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (e) аккумулятордың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді:

Индикатор

Қуаты

60–100%

30–60%

5–30%

0–5%

Аккумулятордың немесе батареялардың заряды таусылған болса, ескерту хабары бірнеше секундқа пайда болып, күй индикаторы (12) жылдам ырғақпен қызыл түспен жыпылықтайды. Содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады.