Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Алюминийді аралау кезінде өрт қаупінің алдын алу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босатып, жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босату (h суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (35) босатуға болады.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Жапқышты (49) бір жағына қарай бұрып, жоңқаны шығаруға арналған келтеқұбырды (35) тартып шығарыңыз.
- Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны сілкілеңіз.
- Жапқышты (49) бүйір жағына қайта бұрыңыз және жоңқаны шығаруға арналған келтеқұбырды (35) ара төсемінің (28) астына тірелгенше жылжытыңыз.
Сыртқы сорғыш (i суретін қараңыз)
Click&Clean қосылысы: шаң мен жоңқаларды сорып алу үшін шаңсорғыш шлангісін қорғаныш қаптамасының (3) сору адаптеріне (4) немесе шаңсорғыш шлангісін сору адаптерімен (34) жоңқаны шығаруға арналған келтеқұбырға (35) қосуға болады.
- Шаңсорғыш шлангісін (Ø 33 мм) қорғаныш қаптамасының (3) сору адаптеріне (4) жалғаңыз.
немесе
- Сорғыш адаптерін (34) жоңқа шығатын жерге салыңыз (35).
- Шаңсорғыш шлангісін (Ø 39 мм) сору адаптеріне (34) мықтап жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.