Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Ара төсемінің өлшемдерін ескеріңіз (ара төсемінің диаметрі D, саңылау диаметрі d). Саңылау диаметрі d аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара төсемінің қалыңдығына және саңылау диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Мүмкіндігінше ара төсемімен бірге жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.

Ара төсемінің диаметрі D белгідегі дерекке сәйкес келуі керек.

Сондай-ақ "Техникалық деректер" тарауындағы "Жарамды ара төсемдерінің өлшемдері" бөлімін қараңыз.

Сынаның қалыңдығы RK мен максималды ықтимал дайындама биіктігіне H назар аударыңыз.

Сондай-ақ "Техникалық деректер" тарауын қараңыз.

Ара төсемін ауыстыру барысында сынадағы мәліметтерге назар аударыңыз. Әйтпесе сынаның дайындамаға іліну қаупі бар.

D Ара төсемінің диаметрі

C Минималды кесік ені (Тістің қалыңдығы/ауытқу ені)

T Ара дискісінің максималды қалыңдығы

RK Сынаның қалыңдығы

ROTATION Тістердің кесу бағыты (ара төсеміндегі көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы керек

Сондай-ақ "Техникалық деректер" тарауын қараңыз.

Сол жағы:
Ара дискісін түсіру (тасымалдау күйі) және көтеру (жұмыс күйі) үшін қос иіннің айналу бағытын көрсетеді.

Оң жағы:
Ара дискісін бекіту үшін және тік еңіс бұрышын реттеу кезіндегі бекіту иінтірегінің күйін көрсетеді (ара дискісі қайырылады).

Үстел тақтасының ішпегін бекіту/босатуға арналған айналу бағыты

Ара төсемін жылжыту таяғымен ұстамаңыз.

Бұл аймақта аралау үстеліне қысқыштарды бекітуге болады.

Өндіруші CE белгісі арқылы электр құралының қолданыстағы ЕU директиваларына сәйкес келетіндігін растайды.