Жұмыс құралын ауыстыру
- Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз. Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты қызып кетуі мүмкін.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (GRD 18V-127) (B суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғылау патронын (1) құралды енгізу мүмкін болғанша бұрау арқылы ашыңыз. Құралды орнатыңыз.
Бұрғылау патронының кілтін (13) тісті тәждік бұрғылау патронының (1) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Алты қырлы жылдам қысқыш бұрғылау патроны (GRD 18V-127 HX) (C суретін қараңыз)
Құралды алты қырлы жылдам қысқыш бұрғылау патронының (2) құрал бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Шерту дыбысы естілгенде, бұл құрал берік бекітілгенін білдіреді.
Құралды шығарып алу үшін алты қырлы жылдам қысқыш бұрғылау патронының (2) сақинасын артқа тартыңыз. Құралды құрал бекіткішінен шығарып, алты қырлы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (2) жіберіңіз.