Литий-иондық аккумулятор блогын (керек-жарақ) зарядтау
- Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
- Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.
- Литий-ионды аккумуляторды ешқашан цифрлық мультиметр ішінде зарядтамаңыз!
- Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.
Литий-ионды аккумулятор блогын (17) зарядтау үшін цифрлық мультиметрдің батарея бөлімінің қақпағынан (13) шығарып алу керек .
USB кабелін жалғауға арналған USB ұясы және зарядтауды бақылау шамдары литий-ионды аккумулятор блогындағы (17) (керек-жарақ) USB ұясы қақпағының астында орналасқан.
- USB ұясының қақпағын ашыңыз.
- USB кабелін жалғаңыз.
- Зарядтау барысында зарядтауды бақылау шамы сары түспен жанып тұрады.
- Литий-ионды аккумулятор блогы (17) (керек-жарақ) толықтай зарядталған кезде, зарядтауды бақылау шамы жасыл түспен жанып тұрады.
- Қызыл түсті зарядтауды бақылау шамы зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз екендігін білдіреді.