Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін аккумуляторды салу керек.
- Лазерді реттеу кезінде (мысалы, манипуляторды жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Тексеру (L1 суретін қараңыз)
- Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
- Манипуляторды тұтқамен (1) төмен қарай баяу бағыттаңыз.
- Дайындаманы, ара төсемінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
- Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы қысып қойыңыз.
- Лазер сәулесін ауыстырып-қосқыш (26) арқылы қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүтін ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.
Реттеу (L2 суретін қараңыз)
- Реттегіш бұранданы (33), лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша дайындамадағы кесік сызығымен параллель болғанша, крест ойықты бұрауышпен бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.