Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) ішке жылжытыңыз. Содан кейін ажыратқышты (19) толықтай басып, сол күйде ұстап тұрыңыз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (19) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.
Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады.