Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар

Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайндаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай дәл орналастыруға болады.

  • Лазер сәулесін ауыстырып-қосқыш (26) арқылы қосыңыз.
  • Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ жиегіне бағыттаңыз.

Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.

Макс. дайындамалар [мм]

Дайындама пішіні

Еңіс бұрышы (көлденең)

45°

Ø 127

Ø 115

127 x 127

115 x 115

194 x 101

115 x 115

127 x 127

115 x 115

Минималды дайындамалар
(= тежегіш шпиндельмен (8) мықтап қысуға болатын барлық дайындамалар): ұзындығы 100 мм

Макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 127 мм

Қорғасын бояу, минералдар және металл сияқты материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.

Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий немесе хром сияқты қорытпалармен байланыстырылған жағдайда қаупті болып табылады. Асбестік материалды техник мамандар ғана өңдеуі тиіс.

  • Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
  • P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес беріледі.

Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқамаларды ұстаныңыз.

  • Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Ара төсемі (29) шаңнан, жоңқадан немесе дайындама сынықтарынан аралау үстелінің (13) ойығында бұғатталуы мүмкін.

  • Электр құралын өшіріп, ара төсемі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Аккумуляторды (22) шығарып алыңыз.
  • Жоңқа жылжымалы жәшігін (21) тартып шығарыңыз да, оны толықтай босатыңыз.