Баспақтауға дайындық және баспақтау процесі
- Аккумуляторды электр құралына баспақтау процесін бастамас бұрын ғана салыңыз. Қосу/өшіру түймесі (13), мысалы, баспақтауға дайындалу кезінде кенет басылса, жарақат алу қаупі туындайды.
- Электр құралын ешқашан орнатылған баспақтау ендірмесінсіз пайдаланбаңыз. Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.
- Электр құралының қатты қызуына жол бермеу үшін электр құралын 15 минуттан ұзақ үздіксіз пайдаланбаңыз. Электр құралы үздіксіз пайдалануға жарамайды.
Баспақтауға дайындық:
- Жұмыс орнының жеткілікті жарықтандырылуын қамтамасыз етіңіз.
- Баспақтау бастиегін (3) жұмыс орнына сәйкес туралау үшін айналдыруға болады.
- Баспақтау бастиегін (3) құлыптан босату иінтірегін (1) басу арқылы ашыңыз. Баспақтау бастиегін қысылатын жалғағыш элементке тігінен қойыңыз. Баспақтау ендірмесі мен жалғағыш элемент арасында бөгде заттардың болмағанына көз жеткізіңіз.
- Баспақтау бастиегін (3), құлыптан босату иінтірегі (1) шерту дыбысымен тірелетіндей жабыңыз.
Баспақтау процесі:
- Аккумуляторды электр құралына енгізіңіз.
- Құрылғыны қосу және баспақтау процесін бастау үшін қосу/өшіру түймесін (13) басып тұрыңыз. Жұмыс шамы (11) жанады.
- Максималды баспақтау күшіне жеткеннен кейін, соташық (5) баспақтау ендірмесімен бірге кері жылжып, қозғалтқыш автоматты түрде өшіп қалады. Қосу/өшіру түймесін (13) жіберіңіз. Жұмыс шамы шамамен 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.
Баспақтау процесін қолмен аяқтау:
- Баспақтау процесін мерзімінен бұрын аяқтау үшін қосу/өшіру түймесін (13) баспақтау барысында жіберіңіз. Баспақтау процесі тоқтап қалады.
- Баспақтау процесі мерзімінен бұрын тоқтатылса немесе соташық (5) баспақтау процесінің аяқталуынан кейін автоматты түрде кері жылжымаса, бастапқы күйге қайтару түймесін (6) басыңыз. Соташық бастапқы күйге қайтып оралғанша, бастапқы күйге қайтару түймесін басып тұрыңыз.
Аккумуляторды электр құралынан шығарыңыз. Содан кейін баспақтау бастиегін (3) құлыптан босату иінтірегін (1) басу арқылы ашып, электр құралын жалғағыш элементтен тартып шығарыңыз.
Баспақтау процесінің соңында күй индикаторы (7) жасыл түспен жанса, бұл максималды қысымға жеткенін білдіреді. Күй индикаторы қызыл түспен жанса, онда баспақтауды тексеріп, баспақтау процесін қажетінше қайталаңыз.