Гидравликалық аккумуляторлық баспақтау қалыптарына арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

ЕСКЕРТУ!

Қорғаныш көзілдірікті кийіңіз.

Қауіпсіз тоқтатуға кепіл берілмейінше, құрал бастиегінің жұмыс аймағына ешқашан қол сұқпаңыз. Электр құралының қауіпсіз тоқтауы, баспақтау бастиегі толық ашылған және аккумулятор шығарылған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.

Электр құралын ешқашан орнатылған баспақтау ендірмесінсіз пайдаланбаңыз. Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.

Жұмысты бастамас бұрын баспақтау бастиегінің құлыптан босату иінтірегі жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

ЕСКЕРТУ

Түймелі элемент балалардың қолына түспеуін қамтамасыз етіңіз. Түймелі элементтер қауіпті.