Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (7) басып тұрыңыз.
- Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін (5) басыңыз.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (5) бұғатталған болса, ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып, сонан соң жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық қағу қуатына қол жеткізеді.
- Электр құралы кенет қосылудың алдын алу үшін іске қосылудан қорғайтын құлыппен жабдықталған.
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты белсендіру:
- Өшірулі күйде бекіту түймесін (5) басыңыз.
Осылайша ажыратқыш (7) бұғатталып, кенет қосылудың алдын алу мүмкін болады.
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты ажырату:
- Бұғатталған бекіту түймесін (5) басыңыз.
Осылайша ажыратқыш (7) құлпы ашылып, электр құралын қолданысқа енгізуге болады.
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Қашауды реттегіш сақинаны (3) алға қарай жылжытып, қашауды реттегіш сақинаның (3) көмегімен қашауды қажетті күйге бұраңыз.
- Қашауды реттегіш сақинаны (3) жіберіп, қашауды тірелгенше бұраңыз.