Пайдалану нұсқаулары

Сақтайтын башмак (23) электр құралын дайындама немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде сақтайтын башмак (23) жоғарыға қисатылып жонғы етегінің (9) артқы бөлігі босатылады.

Нұсқау: Сақтайтын башмакты (23) шешуге болмайды.

Қажетті кесу тереңдігін реттеп, электр құралын жонғы табандығының (9) алдыңғы бөлігімен дайындамаға қойыңыз.

Салмақты дайындамаға орналастыру кезінде тек алға көшіріңіз және жонғыны артқа төңкермеңіз. Әйтпесе дайындамаға зақым келуі мүмкін. Дайындама шетіне жеткеннен кейін, жонғы аударылмауы және дайындамаға зақым келтірмеуі үшін, ұстағыш салмақты артқа жылжытыңыз. Үлгі дайындамада сынақ жоңқалаған жөн.

  • Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.

Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің үстінен жылжытыңыз.

Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы табандығын орташа күшпен басыңыз.

Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын азайтыңыз.

Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам бітейді.

Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.

Орнатылған сақтайтын башмак (23) дайындаманың кез келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға мүмкіндік береді:

  • Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына қойыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады.
  • Электр құралын бір қалыпта өңделетін бет үстімен жылжытыңыз (➌).

Алдыңғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойықтар дайындама жиектерінің жүздерін жылдам кесуге мүмкіндік береді. Қажетті саңылау еніне сәйкес V тәрізді ойықты пайдаланыңыз. Ол үшін жонғыны V тәрізді ойығымен дайындама жиегіне қойып, үстінен жылжытыңыз.

Пайдаланылатын ойық

Өлшемі a (мм)

ешқандай

0–2,5

кіші

1,5–4,0

орташа

2,0–4,5

үлкен

3,0–5,5

Параллель тіректі (16) бекіткіш бұрандамен (18) электр құралына монтаждаңыз. Пайдалану әдісіне байланысты ойық тереңдігінің шектегішін (22) (керек-жарақ) бекіткіш бұрандамен (21) электр құралына монтаждаңыз.

Бекіткіш бұранданы (17) босатып, қажетті ойық енін орнатыңыз. Бекіткіш бұранданы (17) қайтадан мықтап тартыңыз.

Қажетті ойық тереңдігін ойық тереңдігінің шектегішімен (22) тиісінше орнатыңыз.

Қалаулы ойық тереңдігіне қол жеткізгенше жоңқалау әрекетін бірнеше рет қайталап шығыңыз. Жонғыны қажетті бүйірлік қысыммен басқарыңыз.

Оңқайлар үшін параллель тіректі (16) электр құралының сол жағына монтаждау керек. Солақайлар үшін параллель тіректі (16) электр құралының оң жағына монтаждау керек.

Нұсқау: ойықтар жасау үшін параллель тіректі (16) электр құралының сол жағына монтаждау керек.