Жонғы пышағын алмастыру
- Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз. Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Қатты металдан (HM/TC) жасалған жонғы пышағының 2 жүзі бар және оны аударып қоюға болады. Егер екі кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (15) алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға болмайды.
Жонғы пышағын алып тастау (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (15) аудару немесе алмастыру үшін жетек белдігіндегі (27) пышақ бастиегін (12), ол жонғы табандығымен (9) параллель болғанша айналдырыңыз.
➊ | 2 бекіткіш бұранданы (14) алты қырлы дөңбек кілтпен (11) шамамен 1 – 2 айналымға бұрап босатыңыз. Жонғы пышағын алмастыру үшін қажетті алты қырлы дөңбек кілт (11) электр құралының ішіне салынған және әрдайым сол жерде сақталуы керек (A суретін қараңыз). |
➋ | Қажет болса, қысқыш элементті (13) ағаш сынасы сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы босатыңыз. |
➌ | Ағаш құралмен жонғы пышағын (15) бүйірінен пышақ бастиегінен(12) итеріп шығарыңыз. |
Жонғы пышағын орнату (C суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, қысқыш элементтегі (13) пышақ орнын және жонғы пышағын (15) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің (13) бекіту бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және артқы жонғы табандығының (9) шеткі қырына бағытталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш бұранданы (14) алты қырлы дөңбек кілтпен (11) тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Пышақ бастиегін(12) жетек белдігінен (27) қолмен айналдырып, жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Нұсқау: тартпада (26) ең көбі екі қосалқы пышақты (15) сақтауға болады (J суретін қараңыз).