Сынаны реттеу
Сына (4) ара дискісінің (26) кесікте қысылуына жол бермейді. Кері жағдайда ара дискісінің дайындамаға ілініп, кері соққы қаупі пайда болады.
Сондықтан сынаның дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз:
- Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.
- Сына қалындығы кесік енінен кіші және орта диск қалындығынан үлкен болуы керек.
- Сына әрдайым ара дискісімен бір сызықта болуы керек.
- Қалыпты кесіктер үшін сынаны әрдайым ең жоғары күйде ұстау керек.
Сынаның биіктігін реттеу (F суретін қараңыз)
Ойықтарды аралау үшін сынаның биіктігін реттеу керек.
- Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама, тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
- Қыспа иінтіректі (39) ашып, қорғаныш қаптаманы (3) сынадағы (4) ойықтан шығарыңыз.
Қорғаныш қаптаманы зақымдалудан қорғау үшін оны корпустағы арнайы ұстағышта (11) сақтаңыз (O2 суретін де қараңыз). - Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (36) жоғары қарап тұрғанша сағат тілінің бағытымен бұрап босатыңыз.
- Сынаны штифттерден (37) тартып (қыспа иінтіректі (36) сәл сыртқа тартыңыз), сынаны (4) төмен қарай тірелгенше жылжытыңыз.
- Екі штифтті (37) сынаның жоғарғы саңылауларына тіркеп, қыспа иінтіректі (36) қайтадан бекітіңіз.
Қысқыштағы және қыспа иінтіректегі (36) таңбаламалар (35) көрсетілгендей туралануы тиіс.