Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.
- Құрылғыны оқшауланған қысқыш беті мен қосымша қысқыш арқылы ұстаңыз. Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымдарына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін. Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (4) алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (4) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (4) төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (4) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (4) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты (4) өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.